17.09.2022
  100


Автор: Ақылбек Манабаев

НҰР ТАМШЫСЫ

Таң келеді, күн келеді алтын нұрмен боянып,
Бар табиғат манаурайды ұйқысынан оянып.
Бал бөбектей анасының ақ мамасын сағынған,
Байтақ әлем жарқыл қаққан шұғылаға малынған.
Нұр болмаса маңайды басар еді-ау дүлей түн,
Сондықтанда да ол мәңгі сөнбесін деп тілейсің.
Бір-біріне ынтызар боп телміреді төрт жанар,
Көз нұрымен ұқтырғандай мәңгі берік сертті олар.
Ғашықтықтан басқаны сезер емес, ұмытқан,
Елжіретіп , бір ұшқын жүректерін жылытқан.
Қыз бен жігіт махаббаттан бөлісетін олжаны,
Қандай жақсы жанарларда ойлы нұрдың болғаны.
Нұр дегенің өмір әлі, жан дидары, сұлулық,
Бұл тіршілік келеді оны кеудесіне жылу ғып.
Кетер еді мынау дүние сүреңсіз боп суынып,
Тұрмаса енер нұрдың аппақ тамшысына жуынып!





Пікір жазу