17.09.2022
  155


Автор: Ақылбек Манабаев

Қыз қуу

Орғыған ор киіктей Керге сеніп
Қыз кетті қос бұрымын жел көтеріп.
Жігіт те аршын төсін ашып тастап,
Ұмтылды жорғадай боп ерге төніп.
Кыз емес, нағыз арман анау кеткен,
Бол, кәні, жаналаса жарау Көкпен
Деп қауым қиқулайды, қызық еді,
Махаббат жарысына қарау неткен!
Құшуға құштарланып қалаулы айды,
Жанары қуғыншының алаулайды.
Тұяқтар құмды көкке жаңбырша атып,
Үстінде қара жердің шаң ауынайды.
Ер екен, о, сабазың жетті барып
Білегі - қыз мойнында от бұғалақ.
Сыбырлап Сәулем деген сырлы үні
Жүрегін жас арудың өтті қарып.
Кетті ме сол бір сөзден жанып үміт,
Қайтарда жетсе - дағы салып ұрып.
Қамшысын құрбысына сілтей алмай,
Бой жеткен дәл - сал болды әлі құрып...





Пікір жазу