17.09.2022
  135


Автор: Ақылбек Манабаев

АҚ ШАҒАЛА

Ақ шағала сүйкімді құс, ару Айдай, ақ қардай,
Еркелете толқын сүйген қанатыңды қақ талмай.
Көктен төмен сорғалайсың, суға ғашық ойлы аспан,
Сәлем жазып алақандай ақша бұлтын атқандай.
Ақ шағала, әр теңізге толқындарын сапырған,
Сен ғанасың қаймықпастан пәк денеңді батырған.
Биікке өрлеп шарқ ұрасың, күнге құштар теңіздің
Жүрегіндей кеудесінен жарқыл қағып атылған.
Ақ шағала, қон мөлдірге, тамшы болып түс келіп,
Қалсын айдын жалт-жұлт етіп тамаша бір түске еніп
Адамзаттың арманындай елестейсің сен маған,
Көк пен жерде ұшып жүрген құс болып.





Пікір жазу