17.09.2022
  220


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖАСТЫҚ

О, жастық, неткен тәтті, ерке кез ең,
Секілді мінезің бар тентек өзен.
Жалының жас жаныма тыным бермей,
Даланы таңнан тұрып ерте кезем.
Шақырып туған жердің қыр – белеңі,
Төңірек бір тамаша түрге енеді.
Жарымның кестелеген орамалы,
Секілді қызыл-ала гүлдер өңі.
Табиғат тамашасын ашып алдан,
Билейді сырға таққан жасыл орман.
Сүңгітіп мұхитына терең сырдың,
Тек алға жетелейді асыл арман.
Ежелден енші жеңіс батылдарға,
Сондықтан шегінуге қақым барма?!
Мен-дағы іркілместен самғап келем,
Үздіксіз қамшылатып атымды арға.





Пікір жазу