17.09.2022
  114


Автор: Ақылбек Манабаев

ДОСТАР

Достар, менің өмірдегі байлығым,
Достар, менің мәңгі жарық ай-күнім.
Тұрасыңдар көңілімнің көгінде
Серпіп тастап көлеңкесін қайғының.
Достар мөлдір ниетіңе жуынып,
Аттарыңды жүрмін бақыт туы ғып.
Сендер үшін беруге де әзірмін
Жұдырықтай жүрегімді суырып





Пікір жазу