17.09.2022
110
АУЫЛДА
Сәбидей былдырласа тұнық бұлақ,
Жағада елжірейді тыныш құрақ.
Бұлқына құшақтайды асау өзен,
Жартасты әкетердей жұлып бірақ.
Жағалай қойлар атыр малшы үйлерін,
Қосады шопан әнге жан сүйгенін.
Бөктерден кең далаға көз тастаса,
Мұхиттай күн астында шалқиды егін.
Қаптатып сайға қарай жылқыларын,
Сом жігіт шаужайлайды сұр құнанын.
Келіншек жолын тосып су ұсынды,
«Дәмінен татыңыз,-деп,-бұл тұманың...»