17.09.2022
127
ТУҒАН ЖЕР
Туған жер, қасиетті, о, тұғырым,
Мен сенің арман қуған от ұланыңмын.
Адамға асыл ұя, құтты - мекен,
Бал тамған, бақыт өнген топырағың.
Жарқылдап алтын толқын сауырыңда,
Сырлы өзен сырнай тартқан бауырыңда.
Қасқайып тауларың тұс хас батырдай,
Қондырып ақша бұлтты жауырынға.
Кеудеңде кербез өскен гүл-қызғалдақ.
Сұлусың, сенен оны кім қызғанбақ.
Көлдерің ойлы көздей мөлдірейді.
Түсіріп аясына күн - қызды арбап.
Шыңына құлаш ұрған ертеңгінің,
Туған жер, о туған жер, еркеңді ұғын.
Жатса екен өлеңімде жалын атып,
Келбетің, құдіретті көркемдігің.