17.09.2022
  146


Автор: Қатира Жәленова

Қарсы алайықшы...

Қарсы алайықшы,
Алғашқы жауған ақ қарды
Екеуіміз бүгін бірлесіп.
Аралайықшы,
Армансыз кезіп бақтарды
Ақ қайыңдармен тілдесіп.
Таңырқамашы,
Ақ қар боп жаусам көгіңнен,
Жүректің төгіп мұң-зарын.
Жабырқамашы,
Бірге ала келсем өзіммен,
Қақаған қыстың ызбарын...
Кінәламашы,
Дауыл боп көкті шаң қылсам,
Елемей шың мен құздарын.
Қоштасқан күннен,
Естелік етіп қалдырсам
Алғашқы қардың ызғарын...
Кінәламашы,
Шайқалмай көлі шабыттың,
Айтылмай кетсе мың сан жыр.
Қаспағын сыйлап
Қаймағын бірақ бақыттың
Бұйыртпай кетті бұл тағдыр...





Пікір жазу