17.09.2022
  132


Автор: Қатира Жәленова

ЖАН ДОСЫМ

Біз екеуіміз
Тізіліп өскен шынармыз,
Шуаққа сонша құмармыз.
Тамырымызды кең жайып,
Дауылға қарсы тұрармыз,
Құласақ, бірге құлармыз.
Жан досым!
Өзіңсіз жерде – сыңармын,
Кеудемді басар мұнар мұң.
Сыңсыған үнін кім тыңдар
Жалқы өскен жалғыз шынардың,
Мұңлы ойын қазір ұғар кім?!
Өзіңсіз
Жапанда жалғыз қалғанда,
Мұңымды шағар жан бар ма?!
Қуансам, бірге қуанып,
(Арайын шашқан бар маңға)
Құлшынар шуақ таңдарға?!
Өзіңсіз
Тарылып демім, тынысым,
Көшкендей бағым, ырысым.
Шыңғырса, үні шықпайтын
Жалғыздың күні құрысын,
Жан досың болу – дұрысы...
Жан досым!
Өзіңмен шалқар – көңілім,
Өзіңмен жарқын – өмірім.
Тарқамасын деп осы бір
Достықтың әсем өрімі,
Естілер дәйім өр үнім.





Пікір жазу