17.09.2022
138
Балалар жылайды мұңдана
Балалар жылайды мұңдана
Бір әйел түнектен
Ымдайды шақырып, ұрлана.
Шулама! – деп айқай салады күйеуі
Үнсіз тек тұрғаны гүл ғана...
Жарықты сөндірер алдында
Сол әйел
Гүлдердің орнын ауыстырады,
Айнаға қарағандай
Күлкісін күнмен қауыштырады,
Суын да ауыстырады,
Ауа-райын өзгертіп,
Бақытсыздық ауылын алыс қылады.
Гүлдерге жымиып күледі,
Өйткені ол бітпейтіндей көрінген
мына күннің
Жалғыз қуанышы екенін біледі.