17.09.2022
  105


Автор: Танакөз Толқынқызы

ЕГЕР ДЕ МЕН

Егер де мен сөз қозғасам әз махаббат
жайында
Онда оным бұлақ болар маған құлақ
түретін,
Онда оным шуақ болар жүректе өмір
сүретін,
Онда оным құрақ болар жел тербетіп
жүретін,
Онда оным қуат болар құстың тілін
білетін
Онда оным жырақ тола жаңғырық қой
күлетін.
Егер де мен есім кетіп сүйген болсам
беймезгіл
Ол дегенің шоқ қылатын сенің үлкен
көздерің,
Тәкаппарлау ерініңнен естілетін
естілетін сөздерің,
Ол дегенің ыстық тәнді кезіп жүрген
кезбе мұң,
Ол дегенің сүйрік саусақ ұсынатын
кездерің,
Ол дегенің сен сияқты көлеңкесі
өзгенің.





Пікір жазу