meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.09.2022
  137


Автор: Танакөз Толқынқызы

Мағынасын аша алмай аяттардың....

Мағынасын аша алмай аяттардың,
Тағы да бір тас ғасыр аяқталды.
Бостандықта қаңғырған, босқындар-ау,
Тағдырымыз неліктен таяқталды?
Мағынасын аша алмай сүрелердің,
Ібілістің ғасыры жүре бердің.
Ұрандардан тапталып бітті жүрек
Құранменен келеді түрегелгім.
Көңілімнің жасынан ұрттап ішіп,
Ұлып жүрген кеудеге құт дарышы.
Соқыр ғасыр соңында адасқандар,
Келеді әлі сендерге Құтқарушы.





Пікір жазу