17.09.2022
  117


Автор: Танакөз Толқынқызы

Көшіп кеттік, көшіп кеттік сол жақтан...

Көшіп кеттік, көшіп кеттік сол жақтан,
Неге екенін білмеймін.
Жүрегіммен жырға күнде толғатқан
Содан бері күлмеймін.
Хан-Тәңірі-ау! Сені қалай тастадық?
Неге кеттік Арқаға?
Жырларымнан жұлдыз-жұлдыз
жас тамып,
Қарай берем картаға.
Адасқан ұл тәріздені бір күні,
Қайтып келем мен саған.
Тауып алам сол жоғалтқан күлкіні,
Сенесің бе сен соған?
Мен бүгінде – қайғысы мол қалалық.
Қызыққа жан тойыпты...
Кейін білдім мен жоғалтқан балалық,
Жұртта қалып қойыпты..





Пікір жазу