17.09.2022
121
Алып бардың өзенге бірде мені
Алып бардың өзенге бірде мені
Дірілдейді боз жусан іргедегі
Көздеріңе қарауға бата алмадым
Сезген шығар жүрегім бірдеңені.
Білмейтінмін малтуды расында,
Қыз көңілім құбылып бүр ашуда.
Мен шегіндім, сен тарттың суға қарай
– Жүрші,–дедің,–осылай тұрасың ба?
Кім білсін, бұл жағаға жүз келдім бе?
Үйрете алмай қойдың сен жүзгенді де.
Ұрлап кетті сол жазды екумізден
Қызғанды ма, кім білсін, күз келді де.
Содан бері сен жоқта тұншығамын.
Қолды жайып өзіңе құлшынамын.
Батып кетіп жүрмеймін сезіміме
Құтқаруға дайын боп жүрші, жаным.