17.09.2022
  124


Автор: Танакөз Толқынқызы

Үйіріліп құйындай ұршық ішім

Үйіріліп құйындай ұршық ішім
Үйірілген көзіңде бір шық үшін.
Шейіт болып кетер ем,
шынымды айтам,
Берер болсаң кеудеңнің күрсінісін.
Көңіліңнің көк бұлтын кілку үшін
Көзіңдегі тамшыны ірку үшін.
Керемет бір келеді өлең жазғым
Сені өсіріп өзімді құрту үшін.
Жалғыздықты көктегі ай жамайды.
Тұнба көзді тұп-тұнық ой қамайды.
Жауар бұлттай жүрегім жылауға әзір
Сүйіп қалған пендедей найзағайды.





Пікір жазу