17.09.2022
  133


Автор: Танакөз Толқынқызы

Қыз баламын

Қыз баламын
Әлі есімнен кетпейді мұздағаным.
Сыз боламын
Таулық мінез болған соң қызба жаным.
Атып тұрып,
Ащы көздің жасынан татып тұрып.
Ел айтпаған
Шындықты айту – ол үлкен
бақыттылық.
Тау қызымын.
Ессіздік, еркеліктің жалғызымын.
Ал өлеңім –
Тамырымда соғатын жан қызуым.
Қайтып кетем?
Бұйырсын, бұйырмасын бай құт мекен.
Әділетсіздікті
Бүкіл әлемнің бетіне айтып кетем.





Пікір жазу