17.09.2022
122
ЭКСПРОМТ
Қандай ғажап! Бүгін боран көшеде...
Қарашам-ау, келдің бүгін нешеге?
Алай-түлей арпалысып өзіңмен
Дәл қасымнан өтіп едің кеше де.
Бүгін менің ішіме еніп алыпсың.
Ғашықсың сен. Бақытты һәм ғаріпсің.
Аппақ боран – ардың көтерілісі
Аппақ боран – сен оттан да жарықсың.
Бұрын сүйіп көрмеп пе едің бұлай шын?
Әр теректі жұлқылайсың, жылайсың.
Осы ессіз, құлай сүйген қалпыңда
Ақ түтегім, маған қатты ұнайсың.