17.09.2022
112
БАЙҚАУДАН ӨТПЕЙМІН
Жағымпаз болғысы келетін жандардың
Көптігі соншалық, мен тіпті
таң қалдым.
Көптігі соншалық байқаудан өтпейсің
Ол мүмкін емес те, мен соны аңғардым.
Сондықтан болар мен бақталас,
бақас жоқ
Байқау да өтпейтін салаға қамдандым.
Ол сала – аспан мен кең дала бұлағы,
Қай жерден болса да көрініп тұрады.
Мезгілдің уақытпен ауысып құрағы
Бәрі де орнында: мекенжай-тұрағы.
Өлең бе? Ол деген құн жетпес қазына,
Ол жерде қарамас ақшаның азына,
Өлеңге төлейді пұл емес, махаббат
Мезгілді мен өзім, тек өзім таңдаймын
Жағымпаз, құл-құтан айта
алмас базына.
Тек малай болғысы келетін жарамсақ
Көптігі соншалық жылауға қалам шақ.
Байқаудан өтпеймін, ол жаққа
кезек көп.
... Махаббат төлейді менің әр жырыма
Ақынмын ерекше ұстаған қаламын
Күтеді ел өлеңде тек қана мені аңсап.