17.09.2022
123

ҚАЙЫРЫМДЫ АҚИҚАТ
Адамдардың отты заңы бар:
Жүзімді шарап қылдыратын,
Көмірден отты тудыратын,
Бір сүйіс бір тағдырды
мұң қылатын.
Адамдардың қатал заңы бар:
Сұм соғыс әкелген
темірге қарамай,
Қайыршы қылған
өмірге қарамай,
Арының алдында таза боп қалатын
Төбеден төнген
өлімге қарамай.
Адамдарда жүрек заңы бар:
Сәуленің нұрын көзіне
жас ететін,
Көрген түстерін рас ететін,
Бітіспес жауын да дос ететін,
Ішпей-ақ адамды мас ететін.
Бұл бір бағзы көне заң,
Бұл бір мүлде жаңа заң.
Сөнбей жылу шырағы
Дана жүрекке ұмтылу
Бала жүректен шығады.
Орыс поэзиясынан: