17.09.2022
98
ЕРТЕ ТҰРҒАН КЕЗДЕРДЕ
Пошта жәшігіне
Түн келіп ақырын құлайды,
Қалжырап қараған түнекке
Көріпкел сағатым
Сұңқылдап жылайды.
Қараңғы.
Заттарға сүріне қабына
Дәл қазір ояну керек-ау!
Төзімді сарп етіп,
туфли іздейсің жабыла
Іздейсің,
Тірлік бұл керенау.
Ал кофе бағана қайнаған,
Ұйқымыз ашылды бір іспен,
Пенденің басына бір ғана бақыт
бар сыйлаған
Жұмыс деген.