17.09.2022
335
Тау – туысқан. Баурайлар бауыр әлі.
Тау – туысқан. Баурайлар бауыр әлі.
Таңсәріде естимін Тәңір әнін.
Шаңырағым – шық гүлдің нәзіктігі
Неге бірақ бұл жүрек ауырады?
Шаншып өтті... О, несі сыздағаны?
Жүрегімнен көремін күз жанарын.
Мұң кетеді, көңілде сыз қалады
Көрмеп пе едің көктемнің мұздағанын?
... Әлденеге алаң боп оянамын.
Көрмей-ақ қой дұшпанның аяғанын.
Көңілсіз бір сәттерде дәл осындай
Көңіліңді келеді саялағым.