17.09.2022
115
Көңіл сынық... Түбі тесік көземін...
Көңіл сынық... Түбі тесік көземін...
Келді көктем, келмесе де кезегім.
Ештеңені сұрамашы, өтінем,
Сүйші мені... Өртенді ғой өзегім.
Сүйші мені... Сұрамашы ештеңе.
Хош,- демеші! «Бітті бәрі...
Кеш»- деме...
Бақытсыздық қана бізді құтқарар,
бақыт деген ақындарға өш неме...
Іші қара, болғанымен түсі аппақ,
Қызғанышым жатыр мені пышақтап.
Жәбірлемей ессіз ғашық бейбақты
Сүйе салшы...
Сүйсеңші енді құшақтап...