file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  17.09.2022
  118


Автор: Танакөз Толқынқызы

...Ішімдегі бір әлем күйреп тынды.

...Ішімдегі бір әлем күйреп тынды.
Кеттің мені өлтіріп... аямадың.
Жеті шелпек таратып илеп мұңды
Неге күнде жабырқап оянамын?
Патша - жалқы. Құл – жалқы.
Жалқы – бәрі.
Ұйқаспай-ақ қойдым-ау көктемменен.
Сорлы жүрек несіне алқынады?
Және қайғы не үшін өктем менен?
Бәрі – жалған. Бұның да өтері – нақ.
Қалай, айтшы, қарсы алдың
қиын күнді?
-Күні сөнген кеудемді көтеріп ап
Шашып ойнап келемін қиындымды.





Пікір жазу