17.09.2022
146

Жарығым-ау, сен үшін кіммін өзі?
Жарығым-ау, сен үшін кіммін өзі?
Білмейсің ғой аяуды.
Сен сыйлаған бақытсыз күннің өзі
Сүйкімді һәм аяулы.
Шын сүймесем жүрегім күймес олай
Күнге сүйеп иегін.
Пышақтай бер жанымды күнде солай
Бәрібір де сүйемін