17.09.2022
  126


Автор: Танакөз Толқынқызы

Таулардан іздегем жоқ басқа тірек...

Таулардан іздегем жоқ басқа тірек,
Жүрер ем тау қызы боп тасқа түнеп
Тартады да тұрады шыңға қарай
Қайратты болғаннан соң жаста жүрек.
Ей, менің, екінші анам емшек берген,
Көңілмен келем көшіп көншектелген.
Тағдырдан айналайын сүю үшін
Жаратып сендей жүрек өлшеп берген.
Тұлғаң бар көшетіндей қаласа нық,
Жанымды төсер едім алаша ғып.
Ей,Таулар! Құдай бізге берген сені
Бір күні кетпесін деп аласарып.





Пікір жазу