17.09.2022
116
Түннің де етегін түргің келеді....
Түннің де етегін түргің келеді,
Жұлдызды басып жүргің келеді.
Қажетсіз саған гүлдің дерегі
Қайтейін бірақ қарасам саған
Қайтадан өмір сүргім келеді.
Тәкәппар тауды құшқың келеді,
Бұлт ернінен бал ішкің келеді.
Қажетсіз саған құстың дерегі
Қайтейін бірақ көрсем өзіңді
Қараптан-қарап ұшқым келеді.