17.09.2022
  123


Автор: Танакөз Толқынқызы

Сүймеген жанда, шіркін-ай, қандай арман жоқ!

Сүймеген жанда, шіркін-ай,
қандай арман жоқ!
Сүйсеңіз, бітті, әлемге мынау
сыю – мұң.
Махаббат! Сенен ешқандай
ләззат алғам жоқ,
Жек көру, сірә,- бір түрі болар сүюдің.
Жалаңтөс, жалғыз жүрекпен
отты кешесің,
Жаныңды қояр жер таппай,
іштей ұлисың.
Тұрақтай алмай томсарған
бұлпен көшесің,
Қараптан қарап құрдымға
кетіп құрисың.
Сүюден босат! Ауадай қажет азат күн!
Жанымды менің шоғыңнан
мына тазала.
Тәңірім менің, дұшпанын
барлық қазақтың
Тозақпен бірдей сүю дертімен жазала!





Пікір жазу