16.09.2022
128
Мөлдіретіп ақ шараптан ұсындың....
Мөлдіретіп ақ шараптан ұсындың,
Ішкен сайын ес жинадым мас болмай.
Тәлтіректеп қалғаныңды түсіндім
Бал ішпек боп жақындап ең жасқанбай.
Сағыныштан жылдар бойы сақтаған,
Ішіп көр деп бір тостаған ұсындым.
Ақ шарабың түк болмады мақтаған,
Сағыныштың өлшеді екен күшін кім?
Жаһан түгіл жатырға да сыйып ем.
Ыстығымнан тұла бойың тоңды ма?
Сезімімнен бір тостаған құйып ем,
Мас боп қалдың сауығудың орнына.