16.09.2022
  99


Автор: Танакөз Толқынқызы

МЕН КЕЙДЕ...

Мен кейде отырам ортайып,
Еңсем бір басылып жер болып.
Жүйкелер өледі қартайып
Өмірді сүру де ерлік-ау,
Өмірге келген соң өр болып.
Мен кейде отырам марқайып,
Әркімді құшақтап сүйгім кеп.
Күн жүрер соңымда қалқайып,
Осы бір ғажайып сәт үшін
Отырам ғұмырымды қиғым кеп.
Бұл неткен көңіл-куй алмасқан,
Осылай өте ме тұрақсыз?
Ғұмырды тілегем алдаспан
Бірде өрт, бірде мәрт бұл мінез
Жек көріп кетпеңіз, бірақ, Сіз...





Пікір жазу