16.09.2022
  137


Автор: Танакөз Толқынқызы

Көктем келді! Әлемдегі өр ғашық.

Көктем келді! Әлемдегі өр ғашық.
Бәрі ғашық! Аспан, ауа, жел ғашық...
Әлемнің бір нүктесінде әйтеуір
Қандай ғажап жүргеніңіз жер басып!..
Мен көктемнен көйлек кием бүрмелі,
Сізді көрсе жиілейді гүл демі...
Саған бейжай қарамайтын бір жанның
Қандай ғажап өмір сүріп жүргені!...
Сізге қарсы сөз айтуға жоқ халім...
Сіздей мені сүйген пенде жоқ па әлі?
Қандай ғажап аталғанда есімің
Бір жүректің аласұрып соққаны!..





Пікір жазу