16.09.2022
  106


Автор: Танакөз Толқынқызы

Кеудемде көктем қайдан жүр?

Кеудемде көктем қайдан жүр?
Келмеген мына қалаға?
Махаббат деген майдан бір
Ішіңіз өрт боп жанады, ә?!
Қарашығымда қайдан жүр
Сормаңдай мұңның тамшысы?
Тоңғанда суық айдан бір
Сен жоқсың жанның жалқысы.
Шулатып тырна тізбегін
Сен келсең, шіркін, кенеттен!
Өзімді, бәлкім, іздедім,
Жолдардан кеше сен өткен.
Көктемді іздеп аттандың,
Өртеніп кетсін дедің бе?
Сағыныш отын жаққан кім?
Ерте өліп кетсін дедің бе?
Жаз болып ертең келерсің,
Көктемді тауып алдым деп.
Өлмесең мені өберсің.
Жоғалған жоқпын, бармын деп!
Сүйермін сенен әрі мен!
Қызғанба мені текке сен.
Еріген көктем қарымен
Жоғалып өзім кетпесем!





Пікір жазу