16.09.2022
  162


Автор: Танакөз Толқынқызы

Талай рет сезімге ерік бергем...

Талай рет сезімге ерік бергем...
Мүмкін, көктем түсінер еріп көрген...
Ант берем де сүймеуге енді ешкімді
Қайта ғашық боламын неліктен мен?
Жүдеп көңіл титықтап сағыныштан,
Бұлтпен дос боп кетуші ем
жаны құстан.
Соның бәрін ұмытқан бір-ақ сәтте
Қайт дейсің бұл жүректі алып ұшқан?
Жасырынып біреуден... Қашып...
Тоңбай...
Жатсам деп ем самарқау,
тасып-толмай...
Мүмкін емес екен ғой жүрек барда
Өмір сүру біреуге ғашық болмай...





Пікір жазу