16.09.2022
152
Ұшағыңа бүгін түнде мінерсің...
Ұшағыңа бүгін түнде мінерсің,
Бұлттар сені алып қалмай, жіберсін.
Қауышудың қандай бақыт екенін
Дүрия жүрек дүрсілінен білерсің.
Бір күн сыртта, бір күн бұлтта түнерсің,
Аман орал, ордалы мұң шын өлсін.
Менің батпан уайымыма: «Жеп-жеңіл
Батпырауық болып ұш!»-деп тілерсің.
Жұлдыздарын гүлдесте ғып Түн өрсін.
Ұшағыңа ұшып шыққан Күн ерсін.
Сағынышым сағат санап жүргенде
Сені бұлттар алып қалмай жіберсін.