16.09.2022
  83


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жүректерді шашып ойнар Ару Күз...

Жүректерді шашып ойнар Ару Күз,
Жапырақтар ауыратын шығар, ә?
Неге сонша махаббатқа зәруміз?
Неге сонша күй кешеміз дүбара?
Бола тұра шын сүюге тәуелді
Қандай қиын дәруіш боп күн кешу...
Мен сертімде тұра берем әуелгі,
Мың жыл мүмкін болмай
кетсін тілдесу.
Жек көруге хақы жоқтай тіріні,
Дұшпаннан да шуақ күтіп жүремін.
Жек көруден ғана тұрар ғұмыры
Жан барына сенбей өтер жүрегім.
Сезімімді шашып ойнар арумын,
Жүрегіңіз ауыратын шығар,ә?
Айтшы, неге сізге сонша зәрумін
Сәлем дей сал ең болмаса, күнара...





Пікір жазу