meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.09.2022
  136


Автор: Танакөз Толқынқызы

Қоршауы жоқ жүрекке тасқын кірді...

Қоршауы жоқ жүрекке тасқын кірді,
Жотасымен жоқ қылды қашық гүлді...
Аласапыран бұлқыныс өлер еді-ау,
Өлмей қойған сағыныш асқындырды.
Өлең оқи береді бір шық мұңды...
Шыр айналған сезімім ұршық қылды.
Ынтық көңіл тұншығып өлер еді-ау,
Өлмей қойған үмітім ушықтырды.
Қанатындай құстардың қияқ мұңым
Мына жалғыз жүрекке мият бүгін.
Сізге деген сезімім өлген күні
Өзім өліп қалатын сияқтымын...





Пікір жазу