16.09.2022
87
Сен бір күні өксисің-ау аспандай...
Сен бір күні өксисің-ау аспандай,
Ішің толып төгілерсің жаңбырдай.
Мен сол кезде жауап қатам жасқанбай,
Шоғы сөнбей жаны күйген тандырдай.
Сен бір күні күрсінерсің жасындай,
Бұлттан жерге өлең болып құларсың.
Мен сол кезде айтам бәрін жасырмай...
Ең сүйкімді қателігім шығарсың.
Сен бір күні көктем болып құясың,
Қырдан қаулап қызғалдақ боп тірілем.
Қарлығаштай іздеп келген ұясын,
Тағдырың боп ораламын түбі мен...