16.09.2022
  152


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жеңіс пе бұл? Жоқ әлде жеңіліс пе?

Жеңіс пе бұл? Жоқ әлде жеңіліс пе?
Сен сүйдіре алмайсың мені күштеп...
Шұғынықтай құлпырып шыға келсем,
Шықпай қалар құмығып демің іштен.
Мен – зәмзәммін көңілден көңіл ішкен,
Бола алмайды Сезімнен Өмір үстем.
Барлық бақыт жеңісте деп ойласаң,
Ләззат алуды үйренем жеңілістен.
Бір шық жерге құласа мөлдіреген,
Хабар айта көрмеңіз: «Өлді!» деген.
Жеңілісім жеңіс ол... желбіреген...
Хат та күт пе, хабар да енді менен..





Пікір жазу