16.09.2022
111
Тыныштығын бұзып келген түнектің
Тыныштығын бұзып келген түнектің
Танисың сен дыбысынан өкшемнің.
Өкінішті-ақ, лүпілінен жүректің
Жан дүниемді таниды ғой деп сендім.
Мен келгенде-ақ беріп қояр дерегін,
Әтірімінің иісінен танисың.
Жан дүниемнен жаңбыр
аңқып келемін,
Сен сезбейсің сәби иісін, бал иісін.
Сен сонда да мен сүйетін төресің,
Өлмеу үшін қайдан алам төзімді?
Мөлт-мөлт етсем, көз жасымды
көресің,
Қандай қиын көрмейтінің өзімді.