meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.09.2022
  192


Автор: Танакөз Толқынқызы

Мен ешқашан ұйқас іздеп көрмедім...

Мен ешқашан ұйқас іздеп көрмедім,
Көшірдім тек көңілдің бір өрнегін.
Ішкі ұйқастай жүрегімнің ырғағын
Болған шығар аракідік тергенім.
Ұйқас іздеп әуре болма өлеңнен.
Нағыз өлең биік тұрар өремнен.
Өміріммен ұйқаспайтын біреуді
Ұйқасыма сыйдыра алмай өлем мен.





Пікір жазу