16.09.2022
103
Сіз жай ғана әлеміме еніңіз....
Сіз жай ғана әлеміме еніңіз,
Дәл мендей боп тарылады деміңіз.
Қайраңдағы қайран балық тұншығып,
– Өлдім! – десе, шын айтады ол,
сеніңіз.
Бірінші боп хабарлашы көктемді.
Құтқарып қал ой түбіне шөккенді.
Бірінші боп «Қайырлы таң!»– дей салшы,
Керегі жоқ көп нүкте де, көп белгі.
Қарда өскен бәйшешекті қолда шын,
Ерте оянған, еркелік-ау, тоңбашы.
Бақыт деген таудай шығар деп жүрсем,
Бақыт деген нәрсе екен ғой болмашы.