16.09.2022
  84


Автор: Танакөз Толқынқызы

АППАҚ ӘЛЕМ САҒАН ТАРТҚАН ДЕП ҚАЛДЫМ..

Сен жайыма қалдыр мені, көкпар мұң,
Көлеңкесі болайыншы көк талдың...
...Сен күнге емес, бұрын
қалай білмегем,
Күн өзіңе ұқсайды ма деп қалдым.
Адам жанын ой құрайды екен ғой.
Бұйрық келсе, Ай құлайды екен ғой.
Сен Айға емес, бүгін соны байқадым,
Ай өзіңнен айнымайды екен ғой.
Аппақ болу үлесі ме тек қардың?
Гүл ернінде ұмытылып, шет қалдым...
Сен ақ қарға ұқсамайсың... керісінше...
Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым.





Пікір жазу