16.09.2022
  129


Автор: Танакөз Толқынқызы

БҰЛ НЕ МӨЛТ-МӨЛТ ЕТКЕН КӨЗДЕ?

Бәлкім, мен де кешігемін,
Сен бірақ та кешіре біл...
Ойып алып әз көктемді
Тағып кеткен төсіме кім?
Мен де Күндей жандырғанмын.
Мен де желдей қаңғырғанмын.
Бозторғайын шырылдатып,
Жүрегімде қалдырған кім?
Сыздатқан не? Бүріп алған
Бұл не?.. Мұң ба тұрып алған?
Беймезгіл шақ кім болды екен,
Көкірегіме кіріп алған?
Мендей азап шеккен бе екен?
Ол да шөлдеп кеткен бе екен?
Бұл не мөлт-мөлт еткен көзде?
Сіз бе?
...Әлде көктем бе екен?





Пікір жазу