16.09.2022
  129


Автор: Танакөз Толқынқызы

МЕНІ СОНША ТӘҢІРГЕ ЖАҚЫНДАТТЫ..

Ақтар дағы жанымды
жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды
қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған
лайықтысың.
Бар екенсің!
Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін
Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін
Өмірсің лүпілдеген!
Сен де мендей:
Жіберме! Алып қал! – де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!
Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сизге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты..





Пікір жазу