16.09.2022
  281


Автор: Тəпей Қайысханұлы

АҚ КЕЛІНШЕК

Ақ келіншек, жаныңда аппақ қандай,
Ақ келіншек, жүзіңде аппақ қандай.
Ақ тамағың үлбіреп ақ торғындай,
Көрінесің көзіме аппақ таңдай.
Қайырмасы:
Ақ келіншек, арман– айым,
Ақ жүзіңді аймалайын.
Ақ сəулеңе малындыршы,
Ақ келіншек, айналайын!
Ақ көбелек ұшқандай гүлден-гүлге,
Аппақ болып барасың күннен-күнге.
Ақ маржандай ақ тісің жарқырайды,
Ақ жарқын бір сезіммен күлгеніңде.
Жүгіресің, жүресің дамыл алмай,
Арманың бар, дариға-ай, тағы қандай?!
Ақ шəугіммен толтыра құйшы маған,
Ақ шайыңды сағындым дəмі балдай.
Ақ келіншек, ақ сəулем, айналайын,
Ақ жүзіңді мəңгілік аймалайын.
Ақ боз үйдің алдында күн сап қарап,
Мені күтіп тұрсың ба, айналайын!





Пікір жазу