ҚҰС ЖАНАР
Алыс тауда, аршалы биіктерде,
Тұла-бойы бір сырға ұйып кейде.
Ақ саусағы өлеңнің шашын өріп,
Бір бала қыз отырар киік кеуде.
Құс жанарын қадаған алыстарға,
(Бір арман жүр қыдырып ал
ыстарда)
Елесімен кезігіп əлде кімнің,
Шақ қалады айғайлап дауыстауға.
Ол– өзіңсің толқыған ой, əнің бар,
Оны бəлкім сананың ояуы ұғар.
Қуаныш-мұң аралас жанарыңда,
Қоңыр таудың қоңырқай бояуы бар.
Ұқсатамын сені бір құсқа мəлім,
(Қанатыңнан қайырып ұстамағын).
Қағыс, сірə, қалтырмас қылп еткенді,
Бəрін шолып отырар құс жанарың.
Жыр-жүрегің ғашықтық толғай ма əнін,
Толтырасың кітапті томдай қалың.
Шырылдайды шыр етіп, шіркін, өмір,
Шыр айналып даланы торғай жаның.
Ұқсайды рас айнымай түс-қабағың,
Енді ұшқалы отырған құсқа мəлім.
Көз алдымнан кетпейді əйтеуір сенің,
Əлде неге қадаған қос жанарың.
Жиі-жиі сырыңды жырғып анық,
Жазғаныңа достарың жүр қуанып.
Ақтарасың бірақ та мың сырыңды,
Бір мұңыңды қайтасың іркіп алып.
Түсінемін үніңді мен де, бірақ,
Емесіңді білемін ерме құлақ.
Көре алмастың күймесең от-шоғына,
Кете алмайсың көтеріп елге жырақ.
Талпынады-ау, дамылсыз қыз жүрегің,
Саған, қарғам, көңілім ізгі менің.
Қызу жалын кеудеңнен шыққан жырды,
Сүйіп оқи бастады қызығын елің.
Ұнап əлде өлеңің барша елге,
Кейде сəби ұқсайсың балаға ерке.
Көрініс бар əйтеуір, көздеріңде,
Түскен шақтың күн көзі далаға ерте.
Түсінбейді-ау, мұң кешкен жайыңды адам,
Тар секілді көрініп жайын-далаң–
Талпынасың қиырдан құс көңілмен,
«Жас жүрегің саусағын жайып» маған.
Бір сезімнің сендегі күші басым,
Көбелегін көңілдің ұшырасың.
Басың сүйеп кеудеме ерке назбен,
Риясыз өзіңді ұсынасың.
Алып ұшып əкелген бақ-талабын,
Құс жырыңа құлпыра мақтанамын ,
Отырамын оқып боп өлеңіңді,
Үстелімде ыңылдап «мақпал» əнін.
Адам аз-ау, тұғырын тауып қонған,
Сынап– өмір түседі-ау, тайып қолдан.
Əкетпесе жауындай жасың шайып,
Суретің бар көзіңде қалып қойған.