16.09.2022
  159


Автор: Тəпей Қайысханұлы

БІР АРМАН КЕТТІ ІШІМДЕ

Лапылдап бойға жайылған жалын үшін бе?
Бір арман менің айтылмай кеткен ішімде.
Көзіме оттай басылушы едің, гүлай қыз,
Класстың анау кінəсіз тобы ішінде.
Тұңғиық көзің əдемі еді-ау, əдемі,
Сиып-ақ тұрған сұлулықтың бар əлемі.
Қарасаң ғана қарашығыңды төңкеріп,
Жүректес сынды ол дағы, шіркін, бізбенен.
«Қош» дедің-дағы «сып» бердің үйдің ішіне,
Бір арман кетті тағы да менің ішімде.
Мен бəлкім сені ұмыта алмайтын шығармын,
Осындай ғана кездесу болғаны үшін де.





Пікір жазу