АҚ МАХАББАТ
Ғажап-ай, шіркін, осы құбылыстың,
Келеді лəззəтін бір құныға ішкің.
Төгіп тұр ай сəулесін аппақ қарға,
Жылтылдап беймəлім бір күміс ұшқын.
Бетке сол бір аппақ дала жақты,
Қос ғашық қолтықтасып бара жатты.
Жазғандай артына айқын екі жұп із,
Екі жол өлең етіп махаббатты.
Жаратқан тəңір неткен кішіпейіл,
Келеді бірін-бірі іштей ұғып.
Кім білсін бар ма əлде тартып ары,
Сиқырлы құшағына мешкей үміт.
Өмірдің өрмегіме тоқылар тың,
Аязда шыдап мұндай отырар кім?
Тоңбай ма, жо-жоқ мүлде тоңдырмайды,
Қып-қызыл махаббаттың оты бəлкім.
Бұрын қыз кімге мұндай көніп еді?
(Бəрі де жарына іңкар көңілі еді).
Құшақтар айқасқанда қос қайыңнан,
Шашу боп ақ ұшқындар төгіледі.
Кетті ме жаздағы əсем баққа балап,
Қар гүлін қыз шашына таққан аппақ.
Қалды, əйтеуір, ұйып, тіпті, осы сəтте,
Бетінде ақша қардың ақ махаббат!
Нəзік ед махаббаттың жібі неткен,
Қысады қыз саусағын жігіт еппен.
Қаншалық қымбат оған осы сəтте,
Минуттар, секундтар жылжып өткен.
Жомарт ай төккен шақта аппақ нұрын,
Қыс– ару сұлу неткен аппақ түнің.
Екеуі ұзақ тұрды күбірлесіп,
Жамылып ақ қайыңның аппақ бүрін.
Секілді мына дала қымбатты ана,
Тұрды еркін құшағында сырды ақтара.
Еш үнсіз қыс орманы бас шұлғиды,
Сыбырын екі жастың тыңдап қана.
Ақ орман көктем кездей сыңсымайды,
Сыңсымай махаббатты шын сынайды.
Тентек бір балдызындай қыс аязы,
Аямай жігіт бетін шымшылайды.