16.09.2022
  128


Автор: Тəпей Қайысханұлы

ҒАШЫҚПЫН САҒАН

Тыңда, жаным, күюдің күйін менен,
Күлімдеп ең, мен сені күнім деп ем.
Тұрдың қанша мойныма білегің сап,
Құшағымда бұлықсып құлын денең.
Жатсадағы сең-сезім аунап қалың,
Өзіңді аяп өзім де аулақтадым.
Ұмытайын десең де ұмыттырмай,
Еске салар бір жүрген аумақ бəрін.
Махаббат па, бір-бірін сіңіре алмау,
Махаббат па, ой нұрын сіміре алмау.
Қиын екен бəрінен қиын екен,
Бірге жүріп мəңгілік біріге алмау.
Десек тағы сəтке біз алыстадық,
Сезімдерді өзара ауыспадық.
Ауыспадық, деймін-ау, аунақшумен,
Сағынышымызды мəңгілік тауыспадық.





Пікір жазу