16.09.2022
140
ҰЙЫУ
Туған мекен– жасыл тау жерін сүйіп,
Жатқан шақта саумал жыр елі ұсынып.
Көкіректен күмбірлеп шыққан əуен,
Алып келді құмылдан мені ұшырып.
Жетпесе де кезінде арманына,
Əзіл жырын қалдырған бар маңына.
Өлең оқып тұрғандай серуенде,
Жұмағали ақынның аруағы да.
Ұстазыңнан ұлы тау аласа екен,
Сол үмітке ұрпағың жараса екен.
Кезіндегі бұйра шаш бұла ақының,
Отыр, міне, бурыл бас шал ешекең.
Күні жырсыз болмаған еш серуеннің,
Бірақ, білем қолыңды кеш сермедің.
Түйе боздап жылқы
сы шұрқыраған,
Үні келді бір кезгі көш-керуеннің.
Күмбірлеген домбыра күйің балдай,
Тербетеді жайлаудың гүлін қандай.
Əйембеттің ақ дұға мешітінде,
Мен де отырмын намазға ұйығандай.