16.09.2022
  120


Автор: Тəпей Қайысханұлы

КЕУДЕМНЕН ДҮР -ДҮР ҚҰС ҰШҚАН

Беймаза, мұңлы бір үн кеп,
Беймəлім бойды күш қысқан.
Жапырақ– жүрек дірілдеп,
Кеудемнен дүр-дүр құс ұшқан.
Өтіндежелдің, ұшында ең,
Ілініп тұрған жас талға.
Жапырақ– жүрек үстінен,
Ұшады құстар аспанға.
Шырылдап жатқан торғайы,
Кеудем бір дала секілді.
Арыдан тартып толғайды,
Толғайды сырды не түрлі.
Торғайлы дала қонақтап,


Торғайменен кеудеме,
Періштежырдың қолы аппақ,
Жүзімді сипар беу, неге?!
Қапасқа түскен торғайдай,
Қанаты қайран қайырылған–
Ішінен ғана толғайды-ай,
Жыр жүзі кейде майырылған.
Көкірек– торғай сыңсыған,
Ішінде сайрап тұр құстар.
Айта алмай сондай сыршыл əн,
Өтеді-ау, өмір, жыр құштар.
Əлде, бір үннен секем ап,
Үріккен шілдей «пыр» етіп.
Бəз бір ойлар кетер-ақ,
Ұстатпай кетер дүр етіп.
Тобылғы, ырғай басында,
Отырған құстай сəл тынып
Нəзік те, үркек, расында,
Жырымның мырза салтын ұқ.
Төбеге қарап шаң қауған,
Жатсам бір мұңлы күйімде.
Кіреді ойлар саңлаудан,
Қарлығаш құстай үйіме.
Ақ қағаз– дала көсілген,
Торғай жыр қонып жатады.
Біріне-бірін көшірген,
Жан рахатына батады.





Пікір жазу